20.11.2021
323
Аяулы жандар сіздерді 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Аяулы жандар сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Көктемнің шуағындай әр кез күлімдеп жүре беріңіздер! Жүздеріңізден жылулық, жүректеріңізден шуақ кетпесін! Әр атқан таң сіздерге тек қуаныш, үлкен бақыт пен шексіз шаттық сыйласын.
Көктен жылулық әкелген көктем мезгіліндегі айтулы мерекеде жоспарларыңыздың, тілектеріңіздің орындалуына тілектеспін. Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан нәзік жандыларға шынайы ризашылық сезімімді білдіремін!