19.11.2021
375
Туған күніңмен құттықтаймын
Мерейлі жүзің жайнасын, жарқырасын,
Дархан пейлің өзіңе бақ әкеліп.
Туған күнің бүгінгі құтты болсын,
Қуанышты, шаттықты сәт әкеліп.
Қанаттарың талмасын, биік самға,
Өмір сыйлап өзіңе арай бағын.
Күлімдей түс, саулығың мықты болып,
Жаз көңілің мәз болып, жайнап жаның.
Жігерің мықты болсын тек, алға баста,
Сынды күндер кезіксе асып-саспа.
Алла өзі жар болып, қолдап сені,
Амандықта жете бер жастан жасқа.
туған күн Жаңа жас меншікті мерекең төл мерекең туған күніңмен туған күнің құтты болсын Құттықтау туған күнге тілек Туған күнге өлең туған күнге арналған өлеңдер