18.11.2021
  308


Автор: Ғибратты әңгімелер

Әзіреті Омардың насихаты

Риуаят бойынша Әзіреті Омар (р.а.) өзінің достасқан, кейін Шам өлкесіне кеткен досы жайлы Шам жақтан келген адамнан сұрастырып:


– Досым не істеп жүр? – дейді.


– Ол шайтанның досы ғой. Үлкен күнәларды жасауға шыққан. Тіпті арақ та ішетін болды, –деп жауап береді келген кісі. Омар (р.а.) оған:


– Қайтатын кезіңде маған хабар бер, – дейді.


Әлгі кісінің қайтатын кезінде Омар (р.а.) досына хат жазады. Онда былай делінген еді: «Бисмилләһир рахманир рахимХа-Мим. Кітаптың түсірілуі өте үстем, аса білуші Алла тарапынан. Ол күнәні жарылқаушы, тәубені қабыл етуші, азабы да қатты және кеңшілік иесі. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Әрі қайтар орын сол жақ» («Мүмін» сүресі, 1-3-аяттар).


Осы аяттарды жазғаннан кейін досын істеген істері үшін айыптап, жазғырады. Досына хат жетіп, оны оқыған кезде, жылап алады да: «Алла рас айтады. Ал Омар маған насихат жасады», – деп күнәсынан қайтып, тәубе етеді.





Пікір жазу