16.11.2021
292
Ажалдан қорқып, өмірден қорғалақтама
Ажалдан қорқып, өмірден қорғалақтама,
Қорғалақтама, бекерге қалбалақтама!
Қорыққаныңмен қоймайды тура келсе Ажал,
Қарамайды Ажал ешқашан сорға, баққа да!
Қарамайды Ажал жалғызға, жалқыларыңа,
Қармағаныңа қарамай, қамтығаныңа,
Бәрін де Ажал тып-типыл теңестіреді,
Шашылып кеше, шайқалып, шалқығаныңа!
Байлыққа, баққа, беделге сөзге ермейді Ажал,
Қапыда кілең қайырылып кез келмейді Ажал...
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы ажал өмір өлім қорқыныш