16.11.2021
180
Шаштым, төгілдім, шайқалдым
Шаштым, төгілдім, шайқалдым,
Жастық буы бар «сайтанның»
Уын ұрттадым, уыт қайтардым.
Буы биледі, уын ұрттадым
Шаштым, төгілдім, шайқалдым.
Шаштым, төгілдім, шайқалдым,
Аштым өзімді, айқардым.
Көңіл мәселін мың-сан қайтардым,
Өмір есебін шештім деп қалай айтармын?
Басып қамшымды, барыммен байқалдым.
Кімде жоқ дейсің өксік-өкініш,
Мүмкін кейіндеу бармақ тістермін,
Мүмкін мен дағы басты шайқармын.
Шаштым, төгілдім, шайқалдым,
«Өмір сүрдім!» деп айтармын!
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы жастық у Бу өкініш