16.11.2021
186
![](/uploads/shorttexts/author_image/unnamed-7[2].jpg)
Тағдыр, басқа не салсаң да көнермін
Тағдыр, басқа не салсаң да көнермін,
Қасарсаң да, қабарсаң да көнермін.
Тұтылармын, ұтылармын мен сенен,
Шым-шымына кім батпайды тереңнің?
Тағдыр, мені шылауыңа орадың,
Ылауыңа жегіп едің жарадым.
Тұрқыңды мен сүйрей алмай барамын,
Ырқыңды мен билей алмай барамын.
Тағдыр, саған кейде күйіп келемін,
Өзімді-өзім илеп, иіп келемін.
Шындық дейтін шылбырыңның бары рас,
Шылбырыңа сүйретіліп өлемін!
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы тағдыр шындық шылбыр