16.11.2021
159
Ауылда тудым, қалаға келдім
Ауылда тудым, қалаға келдім,
Далалық едім, қалалық болдым.
Ортама қарай өзгердім,
Заманнан талай жаңалық көрдім,
Жаңалыққа орай жаңғырып көрдім,
Тамырын танып сезгенмін.
Заман да жылдам, адам да жылдам,
Құламай ұстап заман жалынан,
Қоғам заңынан айналдым!
Жарылған кезде заман ағынан,
Айла аспас кезде адам ойынан,
Адамға зауал – адамға сауал,
Амал барына қайранмын!
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы ауыл қала заман қоғам