16.11.2021
224
Сарыөзек – Сандықбидайық
«Сарыөзек –Сандықбидайық»
Атауы сәндікке лайық.
Атағы – қазақ даласы,
Атамыз өткен қой жайып.
«Сарыөзек – Сандықбидайық»,
Қырында өстім қой жайып.
Араға жылдар түсті де,
Соға алмай кеттім айналып.
«Сарыөзек – Сандықбидайық»,
Соға алмай кеттім айналып,
Тірлігімменен алыстап,
Кіндігімменен байланып.
«Сарыөзек – Сандықбидайық»,
...Бір бала қойын жүр жайып,
Оның да ұшар басынан,
Балалық дәурен – бір ғайып.
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы Сарыөзек Сандықбидайық қазақ даласы