16.11.2021
  163


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Майдың гүлі

Майдың гүлі
Қайбір күні
Күз гүліндей реңсіз.
Ойдың нұры
Қайбір күні
Сұрқай әрі сүреңсіз.
Қайбір күні,
Қайбір күні
Үсіген гүл үлпілдеп,
У жұтасың
Ойдың мұңы
Ұлылық па, мүмкін деп.
Мүмкін...мүмкін,
Бәрі мүмкін,
Мүмкіндігің көп, Өмір!
Дүние нарқын
Емен жарқын
Бағала да, көре біл!
Қайбір күні,
Қайбір күні
Тамар көзден мол нұрлар.
Майдың гүлі,
Ойдың нұры
Семер дағы, солғындар...





Пікір жазу