16.11.2021
  141


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Құм ішінде жалғыз қыстау – бір ауыл

Құм ішінде жалғыз қыстау – бір ауыл,
Бір ауылда бұйыққаның тым ауыр.
Сондай сәтте жалғыздық бір қинайды
Жалқы қалған адамдай-ақ туа бір.
Желкем соғып жел ызыңы естілмей,
Мал келмейді маңайға күн кешкірмей.
Құлан таза жүйткімейді бір сезім
Құмға омалып құлап қалған өскіндей.
Бұл тылсымға шыдар деуші ем, тас құрғыр,
Бордай тозып болыпты ол да босқа үңгір.
Құйқа тамыр шымырлатып, мұздатып,
Сай-сүйекті сырқыратып, сыздатып,
Ең болмаса, ұлыса екен қасқыр бір.





Пікір жазу