16.11.2021
  291


Автор: Гульнази Назарова

Қуанамын

Мен қуанамын,
Таңымның арайланып атқанына,
Халқымның уайымсыз жатқанына.
Бозторғай жұмыртқалаған заман болып,

Күнімнің қызарып батқанына,
Өмірдің жалғасып жатқанына.
Тыныштық туы желбіреп,
Сәбидің күлкісі жарқын шыққанына.

Жалғастырар ұрпағымның болғанына,
Рух пен шабыт берер баласына.
Айбарлы барыстай болса деймін,
Жететін алға қойған мақсатына.





Пікір жазу