16.11.2021
  553


Автор: Гульнази Назарова

Алғыс айту күні

Тұңғыш тойланды бұл мереке,
Алғыс айту күні ерекше.
Қазақтың кең пейілін бағалап,
Ризашылығын білдірді әрине.

Өзге ұлттар өкілі ұмытпады,
Бөліп жеген бір үзім нанды.
Жоқшылықта жеген құрттың дәмі,
Ауыздан кетпейді дейді әлі.

Атайық құртты символ тасы,
Аштықта алып қалған талай жанды.
Деген ұсыныс айтылды,
Деп ойлаймын құпталды.

Бөліп жеген қазағым,
Ортаға салып бір уыс бидайын.
Ойлаған көрші қамын,
Тілеген халықтың амандығын.

Қазір де халық ынтымақты,
Алға қойған тек бірлікті.
Татулықпен жасар әр тірлікті,
Қазақстан сондықтан мықты.

Бұл мереке жалғассын мәңгілікке,
Ұмытылмас ештеңе де,
Келер ұрпаққа үлгі,
Өзге ұлтты ойлаған бабалардың ерлігі





Пікір жазу