16.11.2021
  256


Автор: Гульнази Назарова

Қазақтың сусыны

Ұлы дала байлығы ,
Дер едім қазақ сусыны.
Ауыр дертке ем болған,
Шұбаты мен қымызы.

Ата –баба кәсібі ұмытылмаған,
Күннен- күнге өсіп,бұл дамыған.
Шіркін-ай, қанша ғасыр өтсе де,
Өзге ұлтты өзіне тәнті қылған.

Бұл сусынның құдіреті,
Тамсандырған барша елді.
Дәмі үйірер таңдайды,
Балдай батып, іше бергің келеді.

Бабамыздан қалған мұра бұл,
Бұл сөздің қадірін ұға біл.
Мақтанышпен әлемге паш ететін,
Қазақтың тамаша сусыны ,дүлдүл.





Пікір жазу