16.11.2021
  256


Автор: Гульнази Назарова

Ойлаған болашақты

Жаса,жаса қазағым мәңгі жаса,
Мақтанамын мен қазақ болғаныма.
Қайран бабам ойлаған болашақты,
Жер жүзіне паш етемін мен паңдана.

Үш жүзім шаңырағы киіз үйдің,
Руым уығы мен керегесі теңесетін.
Ойлаған келер бала денсаулығын,
Жеті атадан қыз алып, берісетін.

Ата-баба жолын бізде жаңғыртамыз,
Атадан мұра болып қалса жалғыз.
Тектіден текті туар деген сөз бар,
Қалайша мағынасына үңілмей, біз қаламыз.

Дені сау, тәрбиелейміз білімді ұрпақ,
Талап етеді бізден мұны болашақ.
Жоғалтып алмау үшін тазалықты,
Жастарды жалын сөзбен қайрамасақ.





Пікір жазу