16.11.2021
  200


Автор: Гульнази Назарова

Сен жасырған сыр

Жасырасың бір нәрсені неге сен?
Айтпай қиналатындай не екен?
Махаббат, сезім араларыңда өшсе де,
Ұмытылмайтын, қимас сәттер қайда екен?

Мейлі сөнсін лаулаған от ортада,
Махаббатты мәңгі ұстаған жан бар ма?
Тіршілікте бәрі де ұмытылады,
Дүние есігін бала шырылдап ашқанда.

Табиғаттың бұлда бір заңдылығы,
Бала өсіру адамзаттың құндылығы.
Ең қызық сәт жанұяңмен бірге болу,
Ойлан деймін жаным –ау, ойлансаңшы.

Неге бездің сен үйіріңнен?
Жеңіл емес білесің бе өмір деген?
Қатал тағдыр алар әлі талай сынға,
Нар тұлғадай көтеретін мықты болма.

Мықтылық жарасады ер азаматқа,
Сен сүйкімді, сүйіктісің сол бір жанға.
Алайда сені күтіп ,сағынатын бір адам бар,
Жүрегі жұмсақ жансың ғой сен ойланғанға.

Қолымнан келгенінше ақыл айтам адасқанға,
Тыңдар құлақ, түсінер пенде болса мен айтқанға.
Айту парыз мен үшін не десеңде,
Соңғы мүмкіндік берілсе де сол адамға.

Жаным қиналаып, уайымға салынамын,
Тағдырдың салғанына бағынамын.
Қалай бұлай болды деп, ойлансам,
Шырт ұйқымнан мен шошып, оянамын.

Қандай жалын, маздап жанған не деген?
Бәрін тастап кететіндей жеңіл ғана ойменен.
Уақыт тез зуылдайды білесің бе,
Өкінбестей өмір сүр үйреніскен жанменен.





Пікір жазу