Не жағады?
Адамға не жағады бұл өмірде?
Айтады ханға сәлем бермейді деп, байып кетсе.
Күнін көре алмайтын бейшара екен дейді,
Жағдайы жоқ танысын егер көрсе.
Ақшасын шашқан жандар да кездеседі,
Амал жоқ байға ұқсағысы келсе енді.
Алайда қазақтың сөзінің жаны бар да,
Үш күндігін ойламаған еркек пен
бір күндігін ойламаған әйелден без,
Айтылмаған бекерге екен бұл сөз.
Үнемшілдік, қанағат керек жанға,
Айтпады ма үлгі етіп жастарға,
Еріншек ,бекер мал шашпақ,
Қасиеттерден аулақ бол деп Абайда.
Жақсы деген жақсы ғой ол қашанда,
Өсек , өтірік, мақтаншақ өте қиын,
Арыла алмас болса егер бойында.
Кішіпейіл, адалдық жарасады адамға.
Ұлық болсаң, кішік бол дейді ата-баба.
Бұл сөздің түсінсең мағынасына,
Дүниеге тойған ешкім жоқ оны да ойла.
Кетер бәрін тастап артына,
Хабар келсе, о,дүниеден алда-жалда.
Мәңгілік ешкім де жоқ бұл жалғанда.
Еске алар ұрпағың мақтанышпен,
Өлмейтұғын артыңда сөзің мен ісің қалса.