16.11.2021
299
Қызыл көйлек
Қызыл көйлек, қызыл көйлек,
Адамдар жүр әуеніңе ырғалып билеп.
Кең таралған тамаша ән,
Көңіл шіркін көтеріледі елпілдеп.
Бірақ, бірақ, мен үшін емес көңілді,
Осы өлеңмен шағамын мен мұңды.
Шығады ғой іштегі өкпе-наз,
Тоқтата алмай ағызамын көз жасты.
Қызыл көйлек,қызыл көйлек,
Айта алмаймын сенен басқаға ренішті деп.
Осы ән мені тебірентіп,толқытады,
Айтылмайтын ойдағыны табады дөп.