16.11.2021
136
Іздерім
Кетіп барамын сол жолдармен,
Талай қызықты өткізген.
Ыстық маған бәрі де,
Көктемі мен күзі де.
Жастық кезең көктемім,
Көп еді сенен күткенім.
Уақыт деген зуылдап,
Білмей де қалдым –ау, күздің қалай жеткенін?
Менің жүрген іздерім,
Еске оралар сол кездерім.
Көз алдымда бәрі де,
Қайтып келер күткенім.
Келмесе де мен бәріне ризамын,
Өмірдің меңгердім сан қырын.
Тіршіліктің өзі де қас қағым сәт,
Білемін бұрынғыдай бәрі де болмасын.