Шыдап бақтың
Шыдап бақтың бәріне,
Тағдырдың салған ісіне.
Айтар сені мықты деп,
Сыртыңнан сөз еткендерде
Жоқ ,жоқ сен мықты емессің әрине,
Нәзік жанды жансың ғой.
Терең үңіліп білгенге,
Жарасар еді саған көңіл бөлгенде.
Төзімділік, шыдамдылық сенің досың,
Сабыр түбі сары алтын деп қанша күттің.
Өмір өтіп жатыр ғой бір сарынмен,
Өзгергенін бәрінің де қалар едің.
Көбі кетіп ,өмірдің азы қалды,
Неге сені сынағына сонша салды.
Білмейді-ау ешкім
сыртың бүтін, ішің түтін екенін.
Сырт көзге адамсың ең бақытты.
Қызығады кейбіреулер өміріңе,
Сырыңды жайасың кімге ?
Өртенсе де өзегің білдірмейсің,
Өмір атты театрда жүргендейсің.
Иә, иә сен де бір актриса,
Тиесілі саған рольдерде ойнау болса.
Шеберлікпен бәрінде орындайсың,
Профессионал артистердей болмаса да.
Құрбым, түсінемін мен сені,
Салғанына тағдырдың кім көнбеді.
Өмір деген асау тұлпар,
Қатты ұста , жіберме дер едім тізгінді.