«ФАТИХА» СҮРЕСІН ОҚУДЫҢ ПАЙДАСЫ
«Фатиха» сүресін («Аль һамаду») оқу туралы Құтби әлем Хазіреті Шайх Нұрдан төмендегіше нақыл айтылады. Оны оқу жексенбі күні басталады.Бұл күні жетпіс рет оқылады. Әр күні он реттен кемітіп отырып, сенбі күні он рет оқиды. Оқуды және басынан бастайды. Оқушыға ғажайып кереметтер мен басқа да сырлы әлемнің тылсым дүние есігі ашыла бастайды. Оқу уақыты памдат намазынан кейін. Кімде-кім бұл дұғаны осы тәртіппен ұдайы оқып жүрсе, дін және дүние қажеттерінен кемшілік көрмейді.
1.Тілекті (егер шын ниетпен, көңілі пәк болып тілесе) сол оқыған кезінде береді.
2.Тілегін бұл дүниеде қабыл етпесе, ол дүниеде жүзін жарқын, жайын жәннатта етеді.
3.Осы тілегінің пайдасынан отбасына келетін (сол үйдің бір мүшесіне немесе үй иесіне) пәле-жаладан сақтайды. Бұл тілек тілеудің үш жолын Мұхаммед пайғамбарымыздың хадисінде былайша түсіндіреді. Алла тағаладан керек затын тілеп, мақсатына жетуді ниет етсе, үш түрлі жолмен қабыл етеді, делінген. Егер сенбеген кісі кәпір болады.
- Иә, Алланың құлдары, Алладан шын ниетпен тілек тілесеңіз сіз сырқатыңыздан тез жазыласыз.
Мынаны естен шығармау керек. Тілек дуаны тілеудің бұлжымас тәртібі бар. Осы шарт толық орындалмаса, тілек те толық орындалмауы мүмкін.
Тілекші тілек тілеген кезде әулие-әмбие, басқа әзиз адамдарды қоспай, тек Алла тағалаға былай жалбарыну керек. «Саған ғана сиынамыз. Күллі керек еткенімізді өзің ғана бересің. Тілекті қабылдаушы да жеке бір өзіңсің».
Бұл – Фатиха сүресінде бар аят. Тілекшіге тағы бір шарт бар. Тілек айтылған кезде көңілді ешқайда бұрмай, бар пейіліңмен Алланы жадқа алып, ынта-шынтамен сене отырып, тілек айту керек. Өйткені Аллаға бәрі аян. Өзі тілек тілеп отырып, көңілі басқа жақта болса, болмайды. Тағы бір шарт тілекшінің сыртқы киімі өте таза, өзінің маңдай терімен жұмыс істеп, сол адал ақшаға алған киім болуы керек. Тілек тілеген кісі қолын иығына теңеп, алақан жайғаны жөн. Одан соң «әмин» деп, бетті сипау сүннет.
Өткендер Аллаға шын сеніп, көңілі таза болып, тілек тілеген. Сол жолға сіздер де түсіңіздер, азиз мұсылмандар.
Жүрегіңіз (ренжіп, бір нәрсеге қапаланып) қысылғанда оқылатын (дуа) тілек.
«Бисмиллахир-рахманир-рахим.
Ла илаһа иллаллау һул азиму һалсйым. Ла илаһа иллаллаһу
раббул аршил азим. Ла илаһа иллаллаһу раббус самауати,
уа раббул арзи уа раббул аршил кариим. Асма биити
умаис».
Әзіреті Расул қапаланғанда осы дұғаны оқыды.
Аллаһу раббый ла усириху биһи шайыан.
Түсінігі: Барлық істе де Аллаға сиынамыз. Бір Аллаға тең келер бірде-бір зат жоқ.
Ла илаһа илла анта субһанака инный кунту мина ззаламиин.Әбу Умама (Мұхаммед пайғамбармен бірге болған адам) айтыпты. Расулден (Ұлы пайғамбарымызды айтамыз) есіттім, кімге қайғы-қапалық келсе, жүрегі қысылса, осы дуаны оқыса ем, шипа болады,-депті.
Әзіреті Жүніс пайғамбарды үлкен балық (кит) жұтып қойғанда, соның қарнында жатып оқыған дұғасы:
Ана абду кабну абди кабни аматика фи қабзатика насяти би ядика мазин, фи иа һук мука әдипун фи иа қаза үука асыалука би кулли исмин һуба дака саммайта биһи нансака ау анзалтаһу фи китабика ау алламтаһу аһадан мин қал қика ауис тансарта биһи фи илмил ғайби индака ан тағны алал қуырна нура садрыий уа рабиа қалбый уа жилаа һузный уа заһаба һаммый.
Түсінігі: Иә, Алла, Мен құлыңмын, не істесең де еріктісің, барлық істе әділ үкім етушісің. Кітабыңда жазылған, Құранның нұрымен өзің мейіріміңді түсіріп, маған келген қиындықтардан өзің құтқар».
Әзіреті Расул айтыпты: «Кімде-кімнің басына көп ой, ауыртпалық түсіп, тыныштық оқыған кісі мен оқытқан кісі бір-біріне шын пейілмен ниет білдіре оқыса, оқытқан кісі сол заматта жазылады»
Кешке, таң ата оқылатын адамның (дуаны оқушы кісінің) өзіне пайдасы мол дұға:
Аллаһумма анта рабби ла илаһа илла анта һалақтани уа ана абдука уа ана ала дика уа уаыдика мастаыту әуузубика мин шарри ма сана ыту әбууу лака би нсыматика алай я уа абуу-уу бизанби пағпрли па иннаһу лаяғпируз зунуба илла анта.
Түсінігі:Иә, Алла, өзің біздің тәңірімізсің, сенен өзге тәңірі жоқ. Бізді өзің жараттың. Аллаға берген уәде мен сертімде ақырға шейін айнымай тұрамын. Сабыр етемін. Өзің күнәмді кеш. Не берсең, соған ризамын. Шүкір етемін. Сенен өзге сүйенерім, әрі паналайтыным жоқ.
Имам Әл Бұхари пайғамбарымыз айтты депті:
Кімде-кім осы ыстықпарда сауап, қасиет, жақсылық бар деп, шын сеніп оқығаны абзал. Егер осы дуаны адам, памдатта оқып, кешке дейін қазаланса, жәннатқа барады. Кеште озып, таң атарда қазаланса да, жәннатқа кіреді,-депті.
Аллаһумма лакал асбақту һамду ла илаһа илла анта
рабби уа ана абдука аманту бика мухлисан лака дини инни
асбақту әмсайту ала аһдика уа уаһдика маста таыту
әтубу иләйка мин санииіл амалый уа астағфирукә бизуну
билләти-л иағпируһа илла.