«ҚАҺРИ КУЛЛ» ДҰҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Кімде-кім бұл «Қаһри кулл» дұғасын оқып жүрсе, мың түрлі бәлелерден аман болады. «Қаһри кулл» дұғасы жүз рет оқылса, өз мүддесіне жетеді. Мың рет оқылса, жасаған дұғасы қабыл етіледі. Егер біреуді өзіңе ізетті, қайырымды еткің келсе, бұл дұғаны жеті рет оқып, алдына бар, ол сені көргенше тағат таппайды. Егер де ол кісіні, әлбетте, көремін десең дұғаны жеті рет оқып алдына бар, ол сені көргенше тағат таппайды.
Кімде-кім бұл дұғаны жазып, оң қолына тағып алса,адам- дар ол кісіге ізетті қайырымдылық жасар, айтқанынан шықпас.
Кімде-кім бұл дұғаны суға, алмаға, өрікке, шекерге, қантқа, нанға немесе басқа түрлі тағамға қырық рет оқып берсе, оны көрген кісі өте мейірімді болмақ. Кмде-кім бұл «Қаһри кулл» дұғасын қырық бір рет оқыса, бүтін әлем халқы ол кісіге дұшпан болсада, оған еш зиян ете алмайды.
Кімде-кім бұл дұғаны қара қойдың көзіне қырық бір рет салып, ол көзді өзімен сақтаса, ол кісіні ешкім көрмейді. «Қаһри кулл» дұғасы тауға оқылса, тауды тебірентеді. «Қаһри кулл» дұғасын соғысқа бірге алып кірсе, жарадар болмайды, оқ тимейді.
Егер перілерді қуамын десең, бұл дұғаны жеті рет оқып, үйдің төрт бұрышына дем сал, перілер жоламайды. Кімде-кім бұл дұғаны оқыса немесе жазып, өзімен сақтаса, шайтанның азғыруынан, залымдардың зұлымдығынан, патшаның қаһарынан, өсек сөз және жаладан, барша бәлекеттерден, қазадан сақтайды.
Кімде-кімнің бас-аяғы немесе басқа мүшелері ауырса, бұл дұғаны оқыса немесе өзінде жазып сақтаса, құдай тағала барша бәлекеттерден сақтайды.
«Қаһари кулл» дұғасы сақтаулы үйдің ырысы артып, берекесі күннен күнге молаяды. Бұл дұғаның қасиеттері өте көп. Біз сіздерге оларды қысқартып айтып отырмыз. Дұғасы:
«Бисмиллахир-рахманир-рахим.
Аллаһумма йа за-л-арши-л карим уа-л-малики-л-қадим
уа-л—атаи-л-азим йа қахри кулл. Иа мурсила-р-риеахи
уа холиқа-л-асбахи уа йа баиса-л аруахи йа қахри кулл.
Уа йа за-л-жуди уа-с-самаи йа қаһри кулл. Иа Аллаху,
йа Аллаху йа қаһри кулл. Иа уитри иа фарди йа за-л-
жалали уа-л-икрами йа қаһри кулл. Залимин уа халидин
уа натиқин йа қаһри кулл. Афатиньу уабаин уа балаин йа
қаһри кулл. Уа маризин уа шиддатин уа қахтин йа қаһри
кулл. Фитнатин уа кулли иллатин уа мехнатин уа иа
қаһри кулл. Уа балийятин иа суббухун иа қуддусун раббу-л-
малаикати, би-рахматика иа архамар-р-рахимин!»