Ұйықтар алдында оқылатын дұғалар
Екі алақанын біріктіре жайып, көкірек тұсына әкеледі де, кейін: «Ықылас», «Фәлақ», «Нәс» сүрелерін оқып, алақанына үрлеп дем салады. Кейін Әятул – Курсиді оқиды.
«Ықылас» сүресінің оқылуы
Бисмилләһир-рахмәнир-рахим. “Қул һууәл-лаһу әхәд. Аллаһус-самәд. Ләм ялид уә ләм юләд. Уә ләм якул-ләһу куфу-уән әхәд”.
Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен Ол Алла біреу-ақ, Алла Мұңсыз ( әр нәрсе Оған мұқтаж ). Ол тумады да туылмады, әрі Оған ешкім тең емес.
«Фәлақ» сүресінің оқылуы
Бисмилләһир-Рахмәнир-Рахим. “Қул әъузу бираббил-фәләқ. Мин шәрри мә халәқ. Уә мин шәрри ғасиқин изә уәқаб. Уә мин шәррин нәффәсәти фил ъуқад. Уә мин шәрри хәсидин изә хәсәд”.
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын. Таңның Раббысына сиынамын, жаратқан нәрселерінің кесірінен, қараңғылық басқан сәтте, түннің кесірінен, түйіншектерге дем салушылардың кесірінен, күншілдердің кесірінен, ол күндеген сәтте (сиынамын).
«Нәс» сүресінің оқылуы
Бисмилләһир-Рахманир-Рахиим. “Қул әъузу бираббин-нәс, Мәликин-нәс, Иләһин-нәс. Мин шәррил уәс-уәсил ханнәс. Әлләзи юуасуису фи судуриннәс. Минәл- жиннәти уән-нәс”.
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын. Адамдардың Раббысына, адамдардың Иесіне, адамдардың Тәңіріне сыбырлап азғырушының кесірінен, сондай-ақ, адамдардың көкейлеріне салатын, мейлі жыннан, мейлі адамдардан болсын, (бүкіл азғырушылардың кесірінен Аллаға) сиынамын».
«Әятул – Курсидің» оқылуы:
Бисмилләәһир-Рахмаанир-Рахиим. «Аллаһу лә иләһә иллә һууәл хайюл қайюм. Лә тә’хузуһу синәту уә лә нәум. Ләһу мә фис-сәмәуәти уә мә фил-ард. Мән зәлләзи яшфаъу ъиндаһу иллә би-изниһи. Яъламу мә бәйнә әйдиһим уә мә халфәһум, уә лә юхитуна бишәй-йммин ъилмиһи иллә бимә шә-ә. Уәсиъа курсиюһус-сәмәуәти уәл-ард, уә лә я-удуһу хифзуһумә уә һуәл-ъалиюл-ъазыйм».
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын. «Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы. Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көкіректегі және жердегі нәрселер Оған тән. Оның құзырында Өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді. Олардың алдындағыны да, арттарындағыны да біледі. Олар, Оның қалауынан басқа ешнәрсе білмейді. Оның Күрсісі көктер мен жерді сыйдырады. Оған Ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Және Ол – өте Биік, аса Зор».