14.11.2021
  361


Автор: Жандарбек Бұлғақов

Алланың мойындамай ұлы күшін...

Алланың мойындамай ұлы күшін,
Азғындайды адами құбылысың.
Медресе ашылса, игілік қой,
Жамағаттың иллахи ілімі үшін.
Ол жерден Құран жаттап, сауат ашып,
Жастардың артады екен білімі шын.
23 жыл ішінде түсіп біткен
Құранның құрметтей біл құрылысын.
Алла бізге Құранды түсірген жоқ,
Көрнекілік ретінде ілу үшін.
Болмаса марқұмдарға түсірген жоқ,
Дұға тілеп, қол жаю қылу үшін.
Тірілерге тірнектеп сауап жи деп,
Түсірді мағынасын ұғу үшін.
Ендеше, Құран жаттап, аят оқып,
Өмір сүр ақиреттік күнің үшін.

Жаратқанға өз басын құл етуін,
Шын мұсылман бақыт деп білетұғын.
Алланы ойлағаннан пайда бар ма,
Ажалыңа қалғанда бір-екі күн?
Тірі кезде тірнектеп сауап жина,
Жан болмай, бейқам өмір сүретұғын.





Пікір жазу