meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.11.2021
  215


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Былтырғы ағаш қайтадан биыл көгерді

Былтырғы ағаш қайтадан биыл көгерді,
Жапырағы көктеп, бұтағы түгел теңелді.
Айналасында көбелек қаптай жөнелді,
Жаратылыс-ай, көрмедім сендей шеберді?!
Менің де биыл былтырғы жарам жазылды,
Жүзімнен сынық сейілттім мұңды, әжімді.
Келістіруі-ай кешегі менен қазірді,
Жаратылыс-ай, көрмедім сендей уәжімді?!
Адам мен ағаш сонда да бірақ бір емес,
Адамның көңілі көктеген ағаш бүрі емес.
Жазылған жара, қайдан білесің, сол шығар,
Бақыт дегенің, бақыт дегенің мұң емес.





Пікір жазу