11.11.2021
139
Бар дүниенің бастауы
Бар дүниенің бастауы –
Жан-дүниеңді жасытпа.
Бәрі өтеді қас қағым,
Ұмытуға асықпа.
Жәбірленбе, жеріме,
Жетер жебеп оттай нұр.
Егінің мен еліңе
Бір түйір дән баптай жүр,
Бір шырқар ән сақтай жүр.
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері дүние бастау ел ән Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы