11.11.2021
171
Аралтөбе
Алакөлде
Аралтөбе
Неге жалғыз, неге оқшау?
Жалғыз қалар
Адам-пенде,
Төбе бірақ оған тең бе?
Әттең, сыры көмексі-ау...
Неге айрылған жотадан?
Жау бөлді ме,
Жел бөлді ме,
Бөлді ме әлде басқа зіл?..
Алакөлде
Аралтөбе –
Мәңгі жаңа, мәңгі көне
Тірі ескерткіш – тас дәуір.
Қайырлаған кеме емес пе,
Майып болған дене емес пе
Мұз құрсаған заманда?
Кеме болса тұрқы мықты,
Дене болса рухы мықты
Айналғаны аралға.
Алакөлде
Аралтөбе
Жалғыз деме, бар жүзіп.
Айдындағы Жер елшісі
Ол мәңгінің көне елшісі,
Мәңгілікпен арамызға
Түсірмейік мәңгі жік!
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері Аралтөбе Алакөл айдын Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы