11.11.2021
154
Су жорға уақыт
Уақыт желіп жортып, желіп жортып,
Жылдардың біраз-біраз белін көрдік.
Өмір кейде айдардан желін «желпіп»,
Талай-талай көрсетер «тегін» қорлық.
Жә, тәйірі, оқасы жоқ, оның бәрі –
Нар көтерер жүктер ғой жолындағы.
Ештеңе емес жігіттің сүрінгені,
Ештеңе емес адасып, жаңылғаны.
Арамтер деп ойлама оның бәрін,
Оның бәрі – соқпағың, соңыңдағың.
Сол соқпақты қайтадан қайталасаң,
Әне, сонда болғаны сорың қалың.
Қайталамау керек-ақ, қайталамау,
Байқа, әке,
Байқа, ата,
Байқа бала-ау!
Үзеңгілескен ұрпақтың ырқын алып,
Су жорға уақыт шайқайды-ау.
Шайқалады-ау...