11.11.2021
  1001


Автор: Жібек Ысқақова

Колледж бітіруші студент қызыма тілек

Жарқыраған аспанда күн мен айым,
Амандықта жүр қызым жоқ боп уйым.
Бүгін міні колледжді бітірдің сен,
Көктемдейін құлпырып сенің жайың.

Қуанышың еселеніп, бақыт тапқын,
Дипломның жемісін көріп қызым.
Еңбегіңмен абыройың асқақ болып,
Жарқырай бер әрқашан сен жұлдызым.

Қанаттарың талмасын, биікке өрле,
Қиындықтар болмасын өміріңде.
Көңілі кең жан қызым мейірімді,
Дақ түспесін ақ адал көңіліңе!






Пікір жазу