11.11.2021
  791


Автор: Жібек Ысқақова

Колледж түлектеріне

Колледж оқып, бітіріп жатырсыңдар,
Алда күтіп заңғар тау, шығар шыңдар.
Құтты болсын бүгінгі бұл қуаныш,
Оу түлектер ақсылыққа жаны құмар.

Еңбектерің жемісін берсін деймін,
Көтеріңкі болып әркез көңілдерің.
Студенттер, бітіруші түлек алға,
Жадырасын гүлдей жайнап өмірлерің.

Шаршамаңдар, талмаңдар, болшы аман,
Күндерің көп болып алда жарқыраған.
Дипломның жемісін көріңдер тек,
Өз ортаңда абыройың артып бағаң!





Пікір жазу