11.11.2021
  2508


Автор: Жібек Ысқақова

Университет бітіруші студент ұлыма тілектер мен құттықтау

Кеше ғана оқуға түскен едің,
Міне ұлым, универді тамамдадың,
Құтты болсын құлыным бұл белесің,
Орындалсын аңсаған бар арманың.

Жаңа ісіңде абяройың арта берсін,
Өз ісіңнің сен нағыз маманы бол.
Жаным балам, құлыным тілейтінім,
Жаңа жұмыс, ісіңде саған ақ жол.

Қуанышың жан балам ортаймасын,
Арман, мақсат, тілектерің орындалып.
Алла өзі жар болып ұлым, тілегіңді,
Қолдап жүрсін әрқашан қабыл алып.





Комментарии

Алима
Алима 30.06.2023 07:16
Сіз өленге заказ кабылдайсыз ба?
Алима
Алима 30.06.2023 07:13
Отте керемет!барлыгын окып шыктым!

Пікір жазу