10.11.2021
1937
15 жылдық түлектерге тілек
Кеше ғана мектептен түлеп ұштық,
Он жыл өтіп үлгерді, өтті ол да.
Он бес жылдық отырмыз кездесуде,
Ақ тілекті жаудырып әрбір жанға.
Өткен күнге оралып, еске аламыз,
Сыныптастар сағынысып, ән саламыз.
Мына бізге үн қатып отырғандай,
Аспан мен жер тамсанып, айналамыз.
Бірің үйлі баранды, бірің жалғыз,
Сыныптастар қашанда бірге жанбыз.
Бір соғатын жүрегіміз, тілегіміз,
Шуақты да, күлімдеп атар таңбыз.