Жиырма екінші ғасырдан қорқамын...
Қамшының сабындай ғана ғұмырымыз жиырма мен жиырма бірініші ғасырдың еншісінде кетпек. Екі ғасыр жалғанар тұста өмірге келгеніміз де бір қызық. Жиырмасыншы ғасырдың жиырмасыншы ғасыр екендігін жете біліп түсінбесек те ол ғасырда жеті жыл өмір сүрдік. Енді міне, жиырма бірінші ғасырдың жастары болып жүрміз. Үлкендер "Қазіргі жастар" деп әңгіме айтады ғой. Міне, солар біз ғой.
Мені ойландыратыны – жиырма екінші ғасырдың келбеті. Теледидар мен компьютерге қарап отырып та, көлікпен кетіп бара жатып та, телефонмен сөйлесіп отырып та соны ойлайтын болдым. Ол ғасырда бұл техникалар қалатын шығар жайында. Жиырма бірдің соңын көргендер "Біздің кезімізде айфон мен галаксидың түр-түрі модада еді" деп, "Қазіргі жастар" деп қойып сол ғасырдың жастары жайлы айтып отыратын шығар.
Болды, осыдан басқа мен ол ғасырды елестете алмайды екенмін. Білесіз бе, тіпті (миымның жетпегендігі шығар) жиырма екінші ғасырда қандай техниканың шығатындығын да елестете алмаймын. Адамның қолынан келмейтіні жоқ деп жатамыз ғой. Расында, қаншама техникамен бірге өмір сүріп жатырмыз ғой. Кейде осы техникалар бізге емес, біз техникаларға жағаласып жүрген сияқтымыз. Қазіргі атақты компаниялардан шығып жатқан компьютерлер баяғы машинкалар сияқты қалатын шығар қоқыстарда. Ұрпағымыз робаттарға ғашық болып, темірлермен шатысып кетер ме екен...
Жиырма екінші ғасыр... Болашағымыз жарқын болатын шығар деп сенем. Ол ғасырды көрмеймін де ғой. Бәрібір елестетуге де, ойлауға да қорқамын. Қатты дамығаннан қорқатын шығармын, бәлкім. Ол ғасырда ауылдар да бүгінгі мамыражай қалпынан айрылатын шығар. Ауыл қала болып, қала не болар екен?
Қызығы – қандай техника өмірге келеді екен? Адамдардың санасы қалай болар екен? Рухани байлық сарқылып қалмайды ма екен? Онсыз да осы ғасырда шаң баса бастаған кітаптар оқылмай қалмас па екен? Адамдар өздерін бай санау үшін қолдарында ненің болғанын қалайды екен?
Масқара, мүмкін ол ғасырда жартысы Жерден ауып, басқа планетада жүрер ме екен, ааа. Ұрпақтарымыз басқа планетадағылармен тікелей байланысқа шығып, "Осы айдың аяғында барып қалам, күтіп алсай" де отырар ма екен))
Білмеймін, ойлауға қорқынышты. Не болса да, болашақ жарқын болсыншы!