meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.11.2021
  7737


Автор: Жібек Ысқақова

30 жылдық кездесу, түлектердің құттықтау сөздері

Сыныптастар ашылсын жан сарайың,
Күлім қағып аспанда Күн мен Айың.
Құтты болсын кездесу, отыз жылдық,
Жан дүниең құлпырып, жоқ боп уайым.

Бүгінгі күн сыйласын арай бағын,
Өткен күннің ашқызып сарайларын.
Есте қалар қызықты болсын күн бұл,
Көңлімізге орнатып арай, бағын.

Сыныптастар жадыра жайнап жаның,
Арайлы да шаттықта атып таңың.
Отыз жылдық кездесу бақ сыйласын,
Ұмытылмас мәңгілік қызықтарын.





Пікір жазу