meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.11.2021
  10466


Автор: Жібек Ысқақова

20 жылдық кездесуге түлектерге тілек

Күн артынан күн өтіп, айға жетіп,
Ай артынан ай өтіп, күлімдетіп.
Жылдарымыз жылдарын жалғап тағы,
Жиырма жылдық есік ашты бізге жетіп.

Қалайсыңдар сынып, құрдастарым,
Өздеріңмен өткен еді бұл жас шағым.
Барлығыңа тілеймін бар жақсыны,
Жайнасын деп құлпырып шаттық бағың.

Жиырма жылдық қуаныш, сыйласын бақ,
Жиырма жылдық сыйласын сәтті қымбат.
Отбасымыз аман боп ошақ қасы,
Жүрейікші амандықта біздер жырлап.





Пікір жазу