meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.11.2021
  15775


Автор: Жібек Ысқақова

20 жылдық кездесуге құттықтау тілек

Келді міне кездесу жиырма жылдық,
Баршамызға қуаныш, шаттық сыйлап.
Өткен күндер елесі жанды тербеп,
Мектептегі қызықтарды бізге жинап.

Көңіліміз кең дария, шалқып жатыр,
Жадымызда мектеп шақ аңқып жатыр.
Сол кездегі оқиғалар көз алдында,
Өткен шаққа саяхатын бар қып жатыр.

Сыныптастар, достарым бар болыңдар,
Биік Асқар, заңғар боп, нар болыңдар.
Айналаға нұрын шашар, жылу беріп,
Амандықта шырайлы атар таң болыңдар!





Пікір жазу