10.11.2021
772
Мектеп бітіруші түлектерге құттықтау тілек
Тарыдай боп кірдіңдер мектепке бұл,
Таудай боп ұшып сендер барасыңдар.
Қанаттарың талмасын жас түлектер,
Алла қолдап мамандық аласыңдар.
Армандарың асқақтап, мақсатқа жет,
Жас түлектер абыройлы жақсы атқа жет.
Ұшқыр болсын ойларың, биік самға,
Көктемдейін құлпырып, көңіл гүлдеп.
Мақсатыңа ұмтылғын, тек қана алға,
Оқушы өмір сендерге қол бұлғайды.
Балалық шақ артта қалды жас түлектер,
Естелік қып мектептегі барлық жайды