09.11.2021
192
![](/uploads/shorttexts/author_image/photo-1.jpg)
Тебеген
Шілдің боғындай бытырап, бірін-бірі күндеп, аузы мысқыл сасып жүретін, рухы жоқ, мұраты кем даласуан адамдарға айтқаныңды өткеру оңайдың оңайы. Қай-қай жаққа айдасаң да, бұра тартпай, бұлқынбай, жүре береді. Тек «жем» тастап отырсаң болды... Алайда «жем» таусылған жерде... оқыс мінез танытып, сені төртаяқтап шірене теуіп, омақаса түсіріп, басқа біреудің қотыраш қолын жалап тұрады...