08.11.2021
  2138


Автор: Жібек Ысқақова

Аға: 34 жасқа туған күніңмен құттықтау

Қарапайым, мейрімді асыл ағам,
Біздер үшін қашанда қымбат бағаң.
Күнді жалғап айларға келді міне,
Жаңа жасың қуантып бүгін саған.

Құтты болсын жан аға туған күнің,
Қуанатын, шатттанар күнің бүгін.
Отыз төрт жас бақыттың жасы болсын,
Әуелетіп шырқалар ән мен жырың.

Қуанышың, шаттығың ортаймасын,
Аппақ қыстың ызғары байқалмасын.
Ақ көңілің пәк күйде жаздай жайнап,
Жүзіңде сенің әрдайым бақ ойнасын.





Пікір жазу