08.11.2021
4134

Қызыма 34 жасқа туған күніңмен құттықтау
Ай нұрындай жарқыраған ару қызым,
Маңдайыма біткен сен бақ жұлдызым.
Әрқашанда қасымнан табылатын,
Баға жетпес байлығым, дәру қызым.
Құтты болсын жаңа жасың, туған күнің,
Лүпілдесін тоқтамай жүрек үнің.
Отыз төрт жас сыйласын бар бақытын,
Қуанышта жалғасып әрбір күнің.
Бақ сыйласын жарығым гүлді көктем,
Күндерің сенің көп болып күлімдеткен.
Арайлы таң шуағын сыйлап саған,
Ал күндерің көп болсын нұрын төккен.
34 жас 34 жас қызыма тілек туған күн Құттықтау 34 жасқа тілек қызыма тілек жан қызым туған күніңмен ана тілегі