08.11.2021
  1709


Автор: Жібек Ысқақова

33 жас сіңіліме туған күнге тілек

Жан сіңілім,
Болмасыншы жүзіңде ешбір мұңың.
Отыз үш жас қуаныш сыйлай берсін,
Арайлы боп шаттықта атып таңың.

Гүлім өзің,
Орындалсын арманың, айтқан сөзің.
Аман болып отбасың, ошақ қасың,
Күлімдесін ботадай сенің көзің.

Аппақ айым,
Шын жүректен тілегімді ақтарайын.
Бақытты бол жан сіңілім, әр күніңді,
Өткізе бер ашылып жан сарайың.





Пікір жазу