08.11.2021
  2041


Автор: Жібек Ысқақова

33 жас ұлыма туған күніңмен құттықтау тілек

Отбасының тірегі, пана болдың,
Соғып тұрған жүрегі әке болдың.
Алла өзі жар болып ұлым менің,
Отыз үшке қадам басып жаңа толдың.

Жаңа жасың қуанышқа бөлей берсін,.
Алла сені құлыным демей берсін.
Тамыр жайып көгере бер, өркендей бер,
Арманың мен мақсатың өрлей берсін.

Амандықта жете бер жастан жасқа,
Көңіліңде қуаныш, шаттық орнап.
Денсаулығың мықты боп ұлым менің,
Жүре бергін жақсының ізін жалғап.





Пікір жазу