08.11.2021
  5658


Автор: Жібек Ысқақова

32 жас ініме туған күнге тілек

Әрқашанда қымбат қой бауыр деген,
Шаттықта болар күніміз бауырменен.
Аман болып отбасы, бала-шаға,
Бақытты бол аяулы жарыңменен.

Отыз екі жасқа толдың бүгін міне,
Құтты болсын жан інім туған күнің.
Жадырай бер, шаттана әр күн сайын,
Шығып әркез жан інім шаттықта үнің.

Өміріңде орнасын мәңгі көктем,
Көбейіп інім күндерің бақытты еткен.
Армандарың орындалсын сен аңсаған,
Көп боп інім күндерің бақытты еткен.





Пікір жазу