08.11.2021
  471


Автор: Жібек Ысқақова

32 жас қызыма туған күнге тілек

Түлеп ұшқан гүл бақтан қызым менің,
Күлімдесін, жайнасын жүзің сенің.
Қуанамын, шаттанам, бақыт табам,
Шаттықта боп шықса егер үнің сенің.

Отыз екі жасқа бүгін толып жатсың,
Отыз екі жасқа ботам есік аштың.
Құтты болсын жан қызым туған күнің,
Әрбір күнде шаттықта қадам басқын.

Жарқыраған жұлдыздай жаным, қызым,
Нұрлы күндер көп болсын, сырлы күндер.
Жастан жасқа амандықта жетіп қызым,
Қуанта берсін жалғасып құнды күндер





Пікір жазу