08.11.2021
784
31 жас сіңіліме туған күнге құттықтау тілек
Айдай жүзің құлпырған айдай сіңілім,
Амандықта жүрші сен жайнай сіңілім.
Отыз бір жас келіпті құтты болсын,
Қылығымен тәнті етер балдай сіңілім.
Қуаныш пен шаттығың ортаймасын,
Жан сіңілім қайғы-мұң байқалмасын.
Жаңа жасың қуанышқа бөлеп сені,
Алла қолдап басыңнан бақ таймасын.
Жарқырасын, жайнасын бал өмірің,
Бақытына бөлеп сені бар өмірің.
Алла берген жасыңды жасап жаным,
Биіктіктен құламасын бұл көңілің.
31 жас 31 жас сіңіліме тілек туған күн Құттықтау сіңіліме тілек сіңіліге тілек әпкесінің сіңлісіне тілегі әпке тілегі 31 жасқа тілек