08.11.2021
2069
31 жасқа ұлыма туған күніңмен құттықтау
Жас қосылып жасыңа бүгін ұлым,
Жеке меншік қуанышты күнің бүгін.
Отыз бір жас қадам басып, есік ашты,
Құтты болсын құлыным туған күнің.
Абыройың асқақтап жалындасын,
Жақсылықтар жүрісінен жаңылмасын.
Арман менен мақсаттарың ұлым менің,
Алла жар боп лайым орындалсын.
Бақытты бол, қуанышың ортаймасын,
Таңмен бірге шуақ шашар күнім менің.
Амандықта күліп-ойнап жасай берші,
Ақ маңдайлы, жанашыр ұлым менің!
31 жас ұлыма тілек 31 жас туған күн Құттықтау ұлыма тілек ер азаматқа тілек ата-ана тілегі 31 жасқа тілек