07.11.2021
  446


Автор: Ғибратты әңгімелер

Құлдардың қайсысы сүйкімдірек?

Сахаба Уруа (р.а.) өзінің әкесінен мынаны риуаят етеді:


«Мұса пайғамбар бірде: «Уа, Раббым! Құлдарыңның қайсысы сен үшін сүйкімдірек?» – деп сұрайды.


Сонда Алла Тағала: «Бүркіттің олжасына асыққанындай менің сүйіспеншілігіме асығатын, анасының төсіне жабысқан сәбидей менің ізгі құлдарыма жабысатын, менің харам еткен нәрселерім істелгенін көргенде, арыстанның өз жаны үшін ашуланғанындай ашуланатын адам. Арыстан ашуына тиген кезде, адамдар аз ба, көп пе, қарамайды», – деп жауап береді.


Бұдан қауіптің қатты болуына қарамастан, Алла үшін насихат жасаудың маңыздылығын түсінеміз.





Пікір жазу