07.11.2021
97
Кулинарлық арналар
Аспаздық арналар үшін идеиялар мен мүмкіндіктер шексіз көп. Менің мамамның каналы да осы тематикада. Аспаздық жайлы каналдар көп болғандықтан, мамамның арнасында қарапайым, қол жетімді ингредиенттерден жасалынатын тағамдарды дайындап, қарапайым ауыл өмірін көрсетуді шештік. Бұл шешім глянцевый, идеальный өмірлерін көрсететін блогерлардың каналдарының арасынан ерекшеленіп, өз көрермендерімізді табуға көмектесті. Төменде осылай басқа каналдардан ерекшеленуге көмектесетін бірнеше идеялар келтірілген.
- СССР ГОСТ - ына сәйкес рецептер – көп кісілер балалық шақтарының тағамдарын сағына еске алады, сондықтан ретро тамақ туралы видеолар жақсы нәтиже көрсетуі тиіс.
- Ұлттық тағамдар – ұмытылып бара жатқан, ата- бабамыздан қалған салт-дәстүрлер негізінде жасалатын тағамдардың рецепттерін көрсетуге болады.
- Тағамдар, азық-түлік жеткізілімдері мен мейрамханаларға обзорлар - азық-түлік жеткізілімдері туралы обзорлар жайлы видеоматериалдар әлі күнге дейін қаралым жинауда, оларға жаңа бағыт қосылды: мейрамханалар, кафелер, көше дәмханалары мен тіпті мектеп асханаларына обзорлар.
4. Азық-түлік сатып алу және отбасылық мәзірді жоспарлау. ДНЕВНИК ЕВРЕЯ арнасының авторы айына 5000 теңгеге қалай өмір сүруге болатынын біледі. Егер сіз отбасыңызға арналған дұрыс тамақтану жоспарын ақшаңызды үнемдей отыра дайындау жолын білсеңіз құпияларыңызбен бөлісіңіз.
- Кулинарияның белгілі бір бағыттарына арналған канал. Егер сіз вегетарианец болсаңыз, немесе қандай да бір ерекше диетаны ұстанатын болсаңыз, өзіңіз сияқты рационды ұстанатындарға арнап арна ашыңыз.