07.11.2021
  224


Тапқыр балақан!

Дүкенде кішкентай қыз жаныма келді де, «мені құшақташы» деді. Мен оны құшақтап, қолыма көтердім. Бала жоғалып қалды ма екен деген ой келді басыма. Ол да мені мойнымнан қысып, қатты құшақтады да, сосын қолымнан ытырылып шықты да, жерге түсті. Оның бетіне тесіліп қарадым. «Сен күлсінші деп едім» дейді. Күн қарбалас болып еді. Қабағым қату болса керек. Жаныма нұр құйылды. Күліп жібердім. Тапқыр балақан!





Пікір жазу