06.11.2021
  3295


Ой салатын қысқаша 6 әңгіме

1. Бірде көпшілік жиылып, Құдайдан жаңбыр жаууын тілемекші болады. Тасаттыққа ауылдың бәрі жиналады, іштерінде бір бала қолшатырмен келіпті. Бұл – НАНЫМ.


2. Сәбиді жоғарыға лақтырсаңыз, ол мәз болып күледі. Себебі сіздің қағып алатыныңызды біледі. Бұл – СЕНІМ.


3. Әр кеште ұйықтауға жатарда, таңертең тірі оянатынымызға сонша сенімді бола алмаймыз. Сонда да болса оятқышымызды қасымызға қоямыз. Бұл – ҮМІТ


4. Болашағымыз бұлыңғыр бола тұра, ертеңгі күнімізге көптеген жоспарлар құрамыз. Бұл –БАТЫЛДЫҚ


5. Бүкіл әлемде қиыншылық болып жатқанын көре тұра, үйленеміз, дүниеге ұрпақ әкелеміз. Бұл –МАХАББАТ.


6. Біраз жасқа келген бір әйел жейдесіне «Өзімді 64 жылдық тәжірибем бар 16 жастағы қыздай сезінемін» деп жазып алыпты. Бұл – ДҰРЫС ШЕШІМ.


Әр күніңіз жақсы өтсін! Осы алты қағиданы естен шығармай, өз өміріңізді сүріңіз! Жақсы дос – өмірде қолға түсе бермейтін маржан сияқты, табу қиын, ауыстыра да алмайсыз. Осыны естен шығармаңыз!





Пікір жазу