06.11.2021
  150


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Күдік

Ерке қалқам, еркін қалқам, жан қалқам,
Елдің бәрі бір өзіңе болған таң.
Сұлулықтың сиқырына сендегі
Сұқтанамын, сескенемін, мен қорқам.
Ал сен болсаң, әлі көзсіз батырсың,
Жүрек ойы – қас-қағым сәт, қапыл сын.
Оны бірақ ойлайды ма он жеті,
Он жеті тек сезімдерін сапырсын.
Сапыр да, жүз сезіміңнің селіне,
Сұлулық бір жастық шақтың желі де.
Өз желіңнен көтерілген дауылмен
Өр теңізге жетелеші мені де.





Пікір жазу